Әр курсқа секіре беріп те шаршадым. Себебі қанша курска қатыссам да, нәтиже жоқ. Айналам озып бара жатқандай, мен ақ «көштің соңында қалғандай» сезінетінмін. ҰБТ тапсырып болғаннан соң барып, қазір ойланып отырсам, именно қай жерімнен қателік кеткенін түсіндім.
Ребят, знаете, менің түсінгенім, мынау: Біздің барлығымыздың күшті қылып оқуға, тіпті керек десең, алтынға оқуға қауқарымыз жетеді.
Бізді жай ғана кішкентай кезімізден «Ай осы бала дым түсінбейді тіпті, дым білмейді, троечник» деп өсіріп, әбден миымызға қондырып бастаған. Мысалы, үйді салғанда ол түзу бола ма, қисық бола ма, фундаментіне байланысты ғой. Вот сол секілді, енді өсіп келе жатқан кезімізден бізге сондай ойларды құйған соң, біз өзімізді «Дым түсінбейтін есалаң» ретінде сезінеміз.
Бірақ негізінде біздің басымыз, миымыздың күші тау қопаруға жеткілікті. Сен ақша керек кезде, не болса да істейсің ғой, главное сол ақшаны табу үшін. «Иә, менің қолымнан келмейді» деп отырмайсың ғой. Айтқым келген дүние, біз бәріміз бірдейміз. Ешкімнен ешкім төмен емес.
Иә, мүмкін сен осыған дейін үштікке оқыған боларсың, мүмкін кітаптың бетін ашпай, «Осы баланың басында түк жоқ» деген атаққа қалған шығарсың. Но, помни – это прошлое. Иә, сен сондай болдың, оқымадың, именно оқу – сенде не получилось. Дегенмен, бұл өмірдің соңына дейін осылай болады деген сөз емес қой.
Өзіңді бұл іс үшін кінәләма! Бұл – сенің таңдауың болды. Өзіңді және өз таңдауыңды сыйлай біл. Ал ендігі кезекте, сразу ҰБТ-ға дайындықты бастап кетпес бұрын, қолыңа қағаз алып, тыныш жерге барып, өзіңмен өзің сөйлес. «Жалпы неге мен ҰБТ-ға дайындалуым керек? Ал дайындалдым, келер пайда не?» деген сұрақтарға жауап бер. ҰБТға дайындалғаннан қандай пайда тиетінін айт. Мысалы, сен жұмысқа бостан-бос бармайсың ғой? Сен жұмысқа барасың, ал олар взамен саған ақша береді. Яғни, істеп жатқан істің себебі бар. Сол секілді осы жағынан тоже сұрақ қой.
«Мен ҰБТ-ға дайындалсам, грант жеңіп аламын и всё» деп тоқтап қалуға болмайды. Именно сол грантты жеңіп алғанда, сен қандай эмоция сезінесің? Не жағдай орын алады? Вот соны ойлау қажет. «Ата-анам қандай көңіл күйде болады? Если грантқа түсіп кетсем, Алматыға болмаса Астанаға түсе алам, ол жаққа түсіп кетсем, жаңа мүмкіндіктер пайда болады ғой, грант жеңіп алған күні үйде той жасаймыз, туыстар келеді, мен өзімді прям жеңімпаз секілді сезініп тұрмын» деген секілді, қандай эмоция беретінін миыңа жеткіз.
Миға жай ғана сөз – мотивация болмайды. Миға эмоция керек. Сен жаңа телефонды алғанда, просто сатып алып, шкафка койып коймайсың гой, фотолар түсіресің, видео түсіресің, олардың качествасына қарап, в шоке болып, неужели менде осындай телефон бар деп қуанасың.
Көрдің ба, сен телефонның өзіне емес, оның беретін эмоциясына қызығасың. Ми осы арқылы ғана мотивация алады, жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Өзіңе шабыт беру деген осы (жалғасы бар).
Бірінші бөлімі – МЫНА сілтемеде.