Тони Роббинс: Жетістікке жетудің құпиясы – эмоцияларыңды басқару.
Тони – әлемдегі ең атақты мотивациялық спикерлердің бірі. Ол өзінің «Разбуди в себе исполина» деп аталатын кітабы арқылы үлкен танымалдылыққа ие болды. Тони бұл кітабында адамдарды 7 күн ішінде өмірлерін өзгертуге шақырып, оны қалай жасау керектігін үтір-нүктесіне дейін түсіндіреді. Кітаптан алынған идея мен бірнеше пайдалы кеңесті назарыңа ұсынамыз. 📌
1. Алдымен өзіңнің эмоционалдық жағдайыңа баға беріп, төмендегі сұрақтарға жауап бер:
a) Сенің қандай ұстанымдарың бар? Олар сені алға тарта ма, әлде артқа ма?
b) Сен өзіңе қандай сұрақтар қоясың? Оларды қойған кездегі сенің эмоцияларың қандай?
c) Сен үшін не маңызды? Өзің бағалы деп санайтын нәрсе бар ма?
Жауап беріп болсаң, ендігі кезекте эмоцияларыңды басқарып, оларды бақылауды үйренейік.
2. Бір апта ішінде сезінген барлық эмоцияларыңды қағазға жаз.
📝 Ашу, қуаныш, өкініш, түсініспеушілік? Сенің әдеттегі эмоционалдық күйің қандай? Жазып болған соң, енді сол эмоцияларыңның пайда болуына әкелетін жағдайларды қағаз бетіне түсір. Мүмкін сені ашуландыратын нәрсе таңертең шырылдайтын оятқыштың даусы шығар? ⏰
Осылай әрбір негативті эмоцияңның пайда болу себебін анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын ойлап табуға тырыс. Сөйтіп әр апта сайын негативті эмоциялардың орнын позитивті эмоцияларға алмастырып, әбден әдет болып қалыптасып кетпейінше, оны үзбей орындап отыруға тырыс.
ҰБТ-ға дайындалып жүрген адамның көңіл-күйі көтеріңкі болғаны жақсы. Әйтпесе, білім басқа қонбай, шаршатып жібереді.
Біздің курсқа қатысып жүргендер күн соңында еңбегінің жемісі ретінде 1 жұлдызша алып, көңіл-күйлері кәдімгідей көтеріліп қалады 😍 солай ма?