Қазақша посттар
2022-08-03 13:02 Мотивация

Құрбан және қожайын?

Өмір сүрудің екі формасы бар.

Бірі – басқалар саған қандай қарым-қатынас жасаса, оларға да дәл солай қарау. Екіншісі – керісінше әрекет ету.


Сабақ оқуға материалың жетпесе, кітабың болмаса, ҰБТ-ға дайындалуға репетитор болмаса, курс оқуға ақшаң болмаса, соны сылтау ету – бұл бірінші форма. Яғни, сен кінәлі емессің. Жағдай солай болды, сен де жағдайға қарай бейімделе салдың. ҰБТ-дан жоғары балл жинай алмасаң, демек шығуы қиын жағдайдың құрбаны болдың.

Сабақ оқуға материалың жетпесе, іздеу; кітабың болмаса кітапханадан алу; ҰБТ-ға дайындалу үшін мұғалімнің соңынан қалмау; курс оқуға ақшаң жетпесе, еңбегіңді сату; қайткен күнде де білім іздену – бұл екінші форма. Бұл жерде де жағдайдың қиын болғанына сен кінәлі емессің, бірақ шығатын жол іздедің. Жағдайды өзгерттің. Өз өміріңнің қожайыны болдың.


Мұны психологияда «сценарий және антисценарий» деп айтады. Өміріңнің құрбаны немесе қожайыны болуды өзің шешесің.