1. Қызықты әрі пайдалы лекция тыңдап, үлгеруге болады. Қазір Khan Academy, Лекториум және TED секілді тегін дәрістері мен курстары бар сайттар көп. Сол сайттарға кіріп, 10 минуттық видеоларды ізде. Сондай-ақ кейбір сайттарда шет тілінен аударылып, субтитрлермен берілген видеолар да жоқ емес.
2. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп үйренуіңе болады. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуді әрбір адам білгені дұрыс. Сондықтан ең болмағанда, осындай қарапайым көмектерді үйреніп алсаң, әрі өзіңе жақсы, әрі болашақта біреуге көмегің тиіп қалуы да мүмкін.
3. Google қызметтерін қолдануыңа болады. Ол тек іздеу жүйесі емес.
1) Google Академиясы - мұғалімдер мен студенттерге өте пайдалы ресурс. Аталған жүйе ғылыми материалдарды тауып, танымал баспалардың сайттарын сканерлеумен айналысады.
2) Google Art Project - бұл қосымша көмегімен атақты музейлер мен өнер орталықтарын виртуалды түрде аралай аласың.
3) Futureme немесе Future-mail қызметтерін қолдану арқылы өз-өзіңе болашаққа хат жаза аласың. Хатта өз армандарың мен жоспарларың туралы жазып, оны кез келген уақытта жіберуіңе болады. 10 жылдан кейін өзіңе хат келгенде, балаша қуанасың.