Қазақша посттар
Мотивация

Біздің жауымыз - сауатсыздық емес, әрекетсіздік 😰

Қазақтың ең жаман қарғысы: Өзің білме, білгеннің тілін алма. Асылында біздің жауымыз сауатсыздық емес. Біз бәріміз өмірге сауатсыз, дым білмейтін, надан боп келдік. Ішімізде білсем, үйренсем деген алау бар. Соның күшімен әліппе таныдық, кітап оқыдық, жаңа нәрсе үйрендік. Бірақ сол алау кейін өшіп қалады. Себебі біз негізгі қажеттіліктерді өтейтін нәрселерді үйрендік те, ары қарай тоқтап қалдық. Әрекетсіздік деген ғапылдық кезеңі басталды. Адамшылықты құртатын аурудың бірі осы.

Әлемді танысам, оқысам, білсем дейтін адам жоқтан бар жасайды. Қолдан келген нәрсенің өзімен үйренеді. ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушы «мықты мұғалім жоқ, кітап жоқ, интерактивті тақта жоқ» деп бос сылтау айтып отырмайды. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланып, онлайн оқиды.


Негізі ҰБТ-ның сұрақтарының базасы өзгермейді, тек түрленіп келеді. Осыдан 10 жыл бұрынғы қысқаша көбейту формуласы қазір де дәл сондай. Амебаның құрылысы да мутацияға ұшырап, өзгеріп кеткен жоқ. Аңырақай шайқасының уақыты мен болған жері ауысқан жоқ. Әрекет еткен оқушыға ақпарат, материал деген жеткілікті. Сәл табандылық танытып, мысықша сабыр ете білсең, грант деген өзі-ақ іздеп келеді.