Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Судоку ойнап, логикаңды дамыт

Бүгін біз сандардың логикалық орналасуына негізделген танымал жапондық СУДОКУ ойыны туралы айтатын боламыз. Бұл 9x9 шаршы, оны келесі ережелерге сәйкес сандармен толтыру керек:

* Бос ұяшықтарда сандарды 1-ден 9-ға дейін орналастыру керек;

* Әр жолда, әр бағанда және әр кіші 3x3 квадратта әр сан тек бір рет қайталануы керек;

* Кейбір ұяшықтарда ойынның басында (1-ден 9-ға дейін) сандар беріледі. Олар неғұрлым көп болса, жұмбақты шешу оңайырақ болады.


Ойынның пайдасы:

1. Есте сақтау қабілетін жақсартады;

2. Мидың жаңа жасушалары пайда болады;

3. Ойлау қабілетін дамытады;

4. Тапқырлықты арттырады;

5. Концентрацияны жақсартады;

6. Альцгеймер ауруының қаупін азайтады.

Енді сен судокудың миға қандай пайдасы бар екенін білесің. Ендеше бос уақытыңда ойнауды ұмытпа.