ҰБТ-дан жоғары балл жинауға көмектесетін маңызды қасиет бар: табандылық. Сен таңдаған мамандыққа грантқа түсу үшін 120 балл қажет болса, соған жеткенше табандылық таныту қажет.
Табандылық таныту дегеніміз:
- Шаршап тұрсаң да, өзіңді күштеп, тағы бір есеп шығару;
- Тойдан шаршап келсең де, бітпей қалған материалды оқып бітіру;
- Туған күн, той, бас қосудың кейбіріне бармай, күндік оқу жоспарыңды орындау;
- Түсінбеген есепті түсіндіретін адамды жер астынан болса да табу;
- Сынақ емтиханнан бірнеше рет аз балл жинасаң да, дайындықты тоқтатпау;
- «Грантқа түсе алмайсың» дейтін адамдардың сөздерін құлаққа ілмеу;
- Өзіңнің бітпейтін қалауларыңмен күресу.
Табандылық – қалаған кезіңде ерік-жігеріңді қолдана алу. Табандылық тек ҰБТ-да емес, өмірде көп пайдасын тигізеді. Ондай адам бизнеске барса, Қазақстанға емес, әлемге танылады. Спортқа барса, әлем чемпионы болмай қайтпайды. Осы қасиет сенің бойыңнан табылады деген үміттеміз.