Қазақша посттар
2022-04-13 16:51

Оқушы үшін маңызды кітаптар

Сізге әсер етуші нәрсе көп. Ең бірінші ата-анаң, мектебің, туыстарың, көршің, қоршаған ортаң, достарың. Олар сен үшін шешім қабылдап жатады. Алайда олар саған тек өз пікірін айтып, кеңес берулері керек еді. Өз өмірің үшін өзің шешім қабылдауға дайынсың ба?



Әрине, сен де қателесуің мүмкін. Себебі білім мен тәжірибе жоқ. Бірақ білімді жинауыңа болады. Білімнің көзі кітапта. Бүгін назарларыңызға оқушы үшін қажетті кітаптарды ұсынамыз.





📓 Думай как математик Барбара Оакли

Бұл кітапты оқу арқылы математика дейтін қиын әлемнің онша қиын емес екенін түсінесіз. Қиын есептерді шығарудың жолдарын үйренесіз. Есепті мұғаліміңіз үйреткен жолмен емес, ең жеңіл жолмен шығаратын боласыз.





📙 Лайфхактар , Данияр Жігітбек

Бұл кітапта мамандық таңдау, өмірлік құндылықтар, шешім қабылдау, табандылық, жаңа нәрсе үйрену, үйренуді үйрену, т.б. пайдалы ақпараттармен қанығасыз. Автор түрлі мотивациялық, психологиялық кітаптарда айтылған кеңестерді өмірде қалай қолданғанын, одан қандай нәтижеге жеткенін баяндайды.





📒 Делай то, для чего ты рожден Пол Тайгер

Бұл кітапты міндетті түрде оқуыңыз керек. Себебі болашақта қандай мамандық таңдауыңызға тікелей көмектеседі. Бойыңыздағы табиғи қабілеттерді тест көмегімен анықтайды. Сосын сізге лайық мамандықтар тізімін шығарады.





📗 Жылдам оқы , Кесебаев Мирас

Бұл кітапты оқу арқылы ақпаратты жылдам қабылдау, қорыту, есте сақтауды үйренесіз. Жылдам оқуға кедергі жасайтын әдеттерден арыласыз. Кітапты дұрыс таңдаудың әдісін үйренесіз.





📕 Өзіңмен күрес. Жетістікке жет , Ертургул Х.

Бұл кітаптағы оқиға өмірден алынған. Али есімді жігіт кедей отбасында тұрады. Әке-шешесі ауру. Бауырлары кішкентай. Али өзіне жүктелген жүкті түсінеді. Оқуға түсіп, жақсы маман болып, отбасымды мына құрдымнан шығаруым керек деп шешім қабылдайды. Алайда грантқа түсу үшін өте-өте жақсы оқу керек. Ол үшін оқу, ұйқы, демалыс, стресс, тамақ деген ең маңызды нәрселерді реттейді. ҰБТ-ға қатысатын оқушылар үшін міндетті түрде оқу керек.