Қазақша посттар
2022-07-28 13:13 Мотивация

Қайталауға тағы бір мүмкіндік

Қаңтардағы ҰБТ уақыты кейінге шегерілді. Мұны мүмкіндік деп біліп, қайталауды белсенді түрде жүргізу керек. Мектеп бағдарламасында шала түсінген материалдарды да меңгеруге болады.


Қайталау барысында барлық материалды бүге-шігесіне дейін қайталау қажет емес. Бірінші қайталау санада жүру керек. Ойша еске түсіріп қайталап көр. Еске түспеген жерлерді қағазға жаз. Бірден дұрыс жауабын іздеуге асықпа. Сосын қайталау біткен соң қағазға жазған ақпараттарды түпнұсқадан қарап, дұрысын оқы.


Өзіңе қиын тиген есептердің ұқсасын шығарып көр. Қашан қолың және көзіңнің есте сақтау дағдысы қалыптасқанша, шығара бер.


Кез келген есеп не тапсырманың дұрыс жауабын таба алмасаң, демек ол тақырыпты түсінбегенің. Материалды, есепті түсінсең, оны қалай шығару керектігін білесің. Ештеңе түсінбей формулаға сала салғанмен, уақыт өте келе қалай шығарғаныңды ұмытып қаласың.

Қайталау барысында конспект, карта, сурет, боямақтардыңды бір қарап шық. Олар әр қайталаған сайын санада беки түседі.