Қазақша посттар
2022-04-13 16:46

Талантыңыз бар екенін қалай білуге болады?

Ең бірінші талант дегеніміз не? Талант - бір адамның басқаларға қарағанда ерекше қабілетінің болуы. Талантты тек балалардан ғана іздеу дұрыс па? Жоқ, талантты үлкейген кезде де байқауға болады. Ол қалай?





Американдық философ Ральф Эмерсон Әрбір адамның өзінің шебер игере алатын кәсібі, таланты болады. Егер сол қабілетті анықтаса, ол талантқа айналады деген екен. Шынымен де талант дайын күйінде берілмейді. Үлкейіп, өзіңіз қаламаған жұмыс жасағыңыз келмесе, жастық шақта барлық жерде өзіңіздің бағыңызды сынап, қандай іске талантыңыз бар соны анықтап алған жөн. Ол үшін мынадай әдісті қолдансаңыз да болады:





Алдыңғы аптада айналысқан барлық істеріңіздің тізімін қағазға жазыңыз. Содан кейін оларды 10 баллдық шкаламен бағалап шығыңыз. 10 балл - менің жақсы көретін ісім, ал 1 балл - ешқандай қызығушылығым жоқ дегенді білдіреді. 8 баллдан жоғары жинаған істер сіздің ішкі потенциалыңызбен байланысты болмақ. Осы әдістен кейін сіз өз достарыңыздан, таныстарыңыздан сіздің қандай істі құлшыныспен және икеммен жасай алатыныңызды сұрап көріңіз.





Содан кейін анықталған талантты ары қарай дамыту қажет болады. Себебі жетістікке жету үшін құр талант жеткіліксіз, тек 10 000 сағат практика жасап қана талантыңызды пайдаға асыра аласыз. 10 000 сағат деп - күніне 3 сағат дайындық немесе 10 жыл ішінде аптасына 20 сағат дайындалуды айтамыз.





Мүмкін болған барлық салада өзіңізді сынап көрмейінше өзіңізді талантты емеспін деп айтпаңыз. Талант жас талғамайды, алайда оны ертерек танып, аша білсеңіз өзіңізге жақсы.



Ал сіздің қандай іске шеберлігіңіз бар? Бойыңызда өзгелерде жоқ қандай да бір ерекшеліктер бар ма?