Қазақша посттар
2022-08-03 17:24 Мотивация

Өзіңді сынаудан қалай құтыламыз?

Жақындарымыз біздің кемшіліктерімізді нұсқап, сынай берсе, өз-өзімізге сенбей, қобалжи бастаймыз. Ал жетістікке жету үшін біз керісінше, өз-өзімізге сенімді бола білуіміз керек.

Критиканың бізге шабыт бере алмайтынын білдік, ендеше өзімізге басқаша қалай мотивация бере аламыз?


Техас университетінің психологі Кристин Нефф мотивация алудың тиімді жолы - өз-өзіңді сынауда емес, керісінше өз-өзіңді жақсы көріп, өзіңді барлық кемшіліктеріңмен бірге қабылдай білуде деп санайды. Өзіңе сенімді болған жағдайда кез келген істі құлшыныспен атқаратын боласың. Мына кеңестерге құлақ асып, өзіңді бостан босқа сынауды доғаруға тырыс:


1. Әр күн сайын өзіңмен болған 5 жақсы жағдайды жеке күнделігіңе жазып отыр. Көңіл-күйің болмай, мұңайған кезде күнделігіңді ашып, әлгі жақсы жағдайларды оқы.

2. Өзіңе "Мен өзіме қателесуге рұқсат беремін" және "Мен қиын кездерде өзімді қолдауға және әрқашан өз-өзімді жақсы көруге тырысатын боламын" деген сөздерді жиі-жиі айтуға ұмтыл.

Ең бастысы, өзіңді көп сынама және өзгелердің критикасына мән берме. Сенің қолыңнан бәрі де келеді, сол үшін тек қана өзіңе сен!