Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Сабақта бәрін түсінем, бірақ үй жұмысына келгенде ұмытып қаламын

Жаңа ақпаратпен таныссаңыз, оны ұмыту ықтималдығы өте жоғары. Оны жиі қайталап тұру керек. Қайталау – білімнің анасы. Бірақ оны мың рет қайталай бермей, жүйелі қайталау керек. Жүйелі деп нені меңзеп отырмыз?


Адамның ұмытуы белгілі бір уақыт өткенде пайда болады. Демек, ұмытардың дәл алдында бір қайталап алсаңыз, оны одан сайын бекіте түсесіз. Ал қай кезде ұмытатынымызды қайдан білеміз? О-о, мәселе, міне, осында. Оны ғалымдар әбден зерттеп, қандай уақыт мөлшерінде ұмыту процесі басталатынын тапқан. Соған сәйкес қандай уақыттан соң қайталау керектігін құрастырған. Соны интервалды қайталау деп айтамыз.


Біз сізге осы интервалды қайталау алгоритмін қолданып, жаттығу жүйесін құрастырдық.

Бұндай жүйе болмаса, сіз оқыған бүкіл оқулығыңызды, жазған барлық конспектіңізді белгілі аралықпен қайталап тұру керек. Бұл өте көп уақыт алады.


Барлығын бірдей қайталау тиімсіз. Дұрыс білмеген жеріңізді жиі, ал жақсырақ білетін тақырыптарды ұзағырақ уақыттан кейін қайталау керек.

Оны тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі деңгейіңіз нақты анықталып, әрбір шығарған есебіңіз бақылауға алыну керек. Сол арқылы қай тақырыптың, қай бөлімінің қай тапсырмасы қашан қайталау керегі анықталады.


Ұлы Абай отыз екінші қара сөзде білім-ғылымды көбейтуге қажет екі қарудың бірі - берік мұхафаза қылу екенін айтып өткен. Мұхафаза дегеніміз есте сақтау. Ал үйренгенмізді ұмытпай есте сақтау үшін, біз сізге ұсынғандай тиімді қайталау жүйесі керек.

Дұрыс қайталау жүйесі болмай үйрену - тесік шелекке су құйғанмен тең.

Сонымен:

1. "Диагностикалық" тест арқылы қазіргі деңгейіңізді нақты анықтау керек

2. Бағыт, шабыт беріп мақсатыңызға жетелейтін ментор керек

3. Тиімді қайталау жүйесі керек


Біздің курсқа жазылғандар осы үш нәрсенің барлығына ие болады.

Осыған дейін белгілі бір курстарға немесе репетиторға барып жүрсеңіз де, сізге деңгейіңізді нақты анықтап алу өте маңызды.

Ол үшін біздің тестті өтіп, біліміңіздің "диагностикасын" жасап алыңыз.

Ең маңыздысы ауыратын жеріңізді емдеу.

Егер осы айтылған нәрселер дайындығыңызға қажет болса, онда МЫНА сілтеме арқылы өтініш қалдыр!