Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қазақстандағы ең мықты университет 😱

ҚазҰУ жақсы ма? ЕҰУ жақсы ма?

Дәл осыған ұқсас сұрақтар күнделікті оқушыларды мазалайды. Ал ең жақсы университет қандай?


Жауабы: Университет рейтингі әр мамандық бойынша әртүрлі.

Иә, иә «идеальный» университет болмайды. Кез-келген университеттің күшті тұсы, яғни басымырақ саласы болады.

Мысалы, сен ғылыммен айналысуды немесе нақты саланы тереңірек білгің келсе, онда саған жаңадан ашылған университет емес көп жылдар бойы тәжірибелі мамандарды даярлаған университеттерді таңдау керек.

Ал керісінше, сен маркетинг немесе менеджмент секілді көбірек жұмсақ дағдыларды (soft skills) қажет ететін мамандық иесі атанғың келсе ұлттық университеттерді емес, нақты сол мамандық бойынша жетекші университеттерді таңдаудан қорықпа.

Мысалы, МУИТ университеті IT бойынша жетекші болса, КазГЮУ университеті - заң саласын оқытуда үздік.

Ең бастысы, 4 таңдаудан қателеспе, ол сен үшін маңызды.