Қазақша посттар
2022-07-28 11:23 Пайдалы кеңестер

Саған зиянын тигізіп жүрген кім?

Өмірі қауіпсіз, ішетін тамағы бар, денсаулығы жақсы, киетін киімі бар, ұйықтайтын жері бар адам болсаң, онда дәл қазір қаншама миллион адамнан бақыттысың. Сөйтсе де кішігірім қиындыққа шыдамай, арыздануға дайын тұрасың. Өзің 11 жыл бойы оқып жүрген сабағыңнан тест алып, тегін оқуға түсуге қиналасың. ҰБТ-ға дайындалған күннің өзінде өзіңе сенімсізсің. Бойыңдағы талант пен қабілетке сенбейсің. Еріншектік, жігерсіздік, талапсыздықпен талай жақсы мүмкіндікті жіберіп алдың. Қысқаша айтқанда, саған дәл өзіңдей ешкім зиян келтірмейді.


Қарапайым кеңеспен ҰБТ-дан жоғары балл жинауға мүмкіндігің бар.

- Күн сайын еңбектеніп дайындалу;

- Жоспарлы түрде оқу;

- Алған білімді тұрақты қайталап тұру;

- Табандылық;

- Тәртіп.

Барлық кеңестер осы бес кеңестен тарайды. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап.