Қазақстандағы Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің 70%-ы ақылы бөлімде оқиды екен.
Мұның 2 себебі бар:
1. Талапкерлер ҰБТ-ға дұрыс дайындалмайды.
2. Талапкерлер 4 университет пен 4 мамандық таңдауда қателеседі.
Мұндай қателіктерді жібермеу үшін нені білу керек:
-ҰБТ-ға дайындықты үзбеу керек. Тұрақтылық нәтижеге алып келеді
-Жүйелі дайындық. Тесттерді жаттап емес, тақырыптарды оқып дайындалу
-4 таңдау жасағанда гранттың мамандыққа бөлінетінін естен шығармау керек
-Гранттардың саны 73 мың болса, түлектер саны 170 мың. Бәсекелестік өте жоғары, сондықтан ҰБТ-ға немқұрайлы қарамау керек
-Тестілеуге 1 күн қалғанда дайындықты тоқтатып, демалу керек
-Өзіңе сену керек 🧡