Қазақша посттар
2022-07-26 16:58 Мотивация

Әрекетсіздік нәтижесі – төмен балл 😰

Бірде бір адам суға батып бара жатып, Құдайдан көмек сұрапты. Сол кезде қасына бір адам қайықпен келіп, оны құтқармақшы болады. Бірақ, әлгі адам оған Құдайдың көмектесетінін айтып, көмектен бас тартады. Әрі қарай Құдайдан құтқаруын сұрауын тілеп, суға батып барады. Дәл алдыңғыдай екі қайықты адам келіп көмек бергісі келеді. Алайда, суға батып бара жатқан адам көмектен бас тартып, ақырында суға батып өледі.


О дүниеде, Құдаймен жолығып, неге оған көмектеспегенін сұрағанда, оған жіберілген үш мәрте көмектен бас тартқанын айтады.


Түйін: бізге беріліп отырған әр мүмкіндікке әрекетсіздікпен жауап берсек, соңы жақсылықпен аяқталмайды.

Дәл осы мысалдағыдай, кейбір оқушылар өздеріне беріліп жатқан мүмкіндікті дұрыс пайдаланбай, соңында әрекетсіздік нәтижесінен төмен балл жинап өзгеге кінә артады.

Бірақ негізі еңбектенген оқушы міндетті түрде қалаған нәтижесіне жетіп, өз мақсатын орындайды. Ең бастысы - дұрыс әрекет пен ниет.