Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Таңертеңгі стресстен арылудың 5 жолы

1. Таңертең бір жерге баратын болсаң, киіміңді үтіктеп, асыңды дайындап қой. Сонда таңертең осындай ұсақ істер уақытыңды алып, стресске ұшыратпайды. 

2. Түннің бір уағына дейін телефон қарап немесе ойын ойнауды әдетке айналдырсаң, таңғы стресстен арыла алмайсың. Кешке ертерек жат. Ұйқыңды қандыруға тырыс. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын ауыр тамақтанба және телефонды қолдануды тоқтат. 

3. Күн сайын 30 минутқа ертерек оянуды әдетке айналдыр. Сонда душ қабылдап, асықпай өзіңе таңғы ас дайындауға уақытың болады. Үлгермей қаламын деп уайымдап, босқа қапылмайсың. 

4. Ұйқыдан тұрғаннан кейін ең алдымен бір шыны су ішіп ал. Адам организмінің жартысынан көбі судан тұрады. Ағзаға су жетіспесе, мидың жұмысы нашарлайды. 

5. Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін жақсы көретін музыкаңды қос та, позитивке бөлен. Жақсы ән көңіл-күйіңді көтеріп қана қоймай, стресстен арылуға да көмектеседі.