Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ алдындағы стресстен қалай арылу керек? 😰

Айқындалмаған мақсат, мотивацияның жоқтығы және өзіңнің не қалайтыныңды білмеу стресске әкеліп соқтырады.


1. Стресстен арылудың бірінші жолы - өмірлік приоритеттеріңді анықтап, арман-мақсаттарыңды айқындау және құлшынысыңды арттыратын істермен айналысу.


2. Үнемі жеңіске жетуді, нәтижені ойлау беру жүйкеңді жұқартып, ақыр соңында стресске душар етеді. Мысалы сенің ҰБТ-дан жоғары балл жинағың келеді делік, бірақ тек жоғары балл алуды ғана армандап, күнделікті дайындалып, оқымайтын болсаң, жоғары балл алуың екіталай. Сол үшін де, нәтижеге емес, сол нәтижеге жету процесіне көбірек көңіл бөлуге тырыс.


3. Жиі спортпен айналысатын адамдар стрессті жеңіл қабылдайды. Себебі спорт адамның физикалық денсаулығына ғана емес, жүйке жүйесіне де жақсы жағынан әсер етіп, стресстен арылуға көмектеседі. Сондықтан жиі-жиі спортпен айналысып тұр, ал егер спортпен айналысуды ұнатпасаң, онда жай ғана таза ауада жүріп, көбірек серуендеуді әдетке айналдырғаның жөн.