Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Продуктивті адамдардың 7 әдеті

1. Нақты және анық жауап беру - "иә" немесе "жоқ". Егер бірнәрсе үшін сенімсіз болсаң, демек, сенің жауабың "жоқ" болуы керек.


2. Артық нәрседен құтылып отыру: смартфондағы керексіз қосымшалар мен бөлмеңдегі қоқыстардан 3 ай сайын арылып отыр.


3. Әр күніңді жоспарлап отыру - 24 сағатты барынша пайдалы өткізудің ең эффективті және жалғыз жолы.


4. Ұйқыға кетпес бұрын және ұйқыдан оянғаннан кейін күнделікті өз мақсаттарыңды жазып, айқындап отыр.


5. Күніңді ең қиын және ауыр жұмыс жасаудан бастау - саған сергектік сезімін сыйлап, қалған күніңнің максималды түрде продуктивті өтуіне мүмкіндік береді.


6. Демалыс күн болсын, қарапайым күн болсын, әрдайым бір уақытта ұйқыдан тұрып үйрен.


7. Продуктивті болу - 24/7 жұмыс жасап, еш демалыссыз жүруді білдірмейді. Продуктивті болу - арасында миды "өшіріп", сапалы тынығуды білдіреді. Сондықтан арасында өзіңді демалтып, ештеңе істемеудің еш әбестігі жоқ.