Қазақша посттар

Тайм-менеджмент: Эйзенхауэр матрицасы

АҚШ-тың 34-і президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэрдың қолы ешқашан босамаған. Ол бүкіл шаруаға үлгеріп, 24 сағаттың қадіріне жету үшін өзінің уақыт басқару үлгісін ойлап тапқан. Бүгінде ол Эйзенхауэрдың матрицасы немесе приоритеттер матрицасы деген атпен белгілі.



Сонымен Эйзенхауэр матрицасының мәні неде?





Эйзенхауэр матрицасына сай шұғыл жасалынатын шаруа мен асығуды қажет етпейтін шаруалардың ара-жігін ажыратып алу шарт. Ол үшін қағазға төрт бұрыш салып, оны төрт бөлікке бөлеміз:





Бірінші төртбұрышқа: маңызды, шұғыл шаруалардың тізімін жазамыз;





Екінші төртбұрышқа: маңызды, бірақ шұғыл емес шаруаларды жазамыз. Мысалы: уақытылы дәрігерге көріну деген сияқты;





Үшінші төртбұрышқа: маңызды емес, бірақ шұғыл шаруаларды орналастырамыз: бұзылған компьютер немесе басқа ұсақ-түйек нәрселерді жөндеу, керек-жарақты сатып алу секілді істерді жазуға болады;





Төртінші төртбұрышқа: маңызды да, шұғыл да емес шаруаларды жатқызуға болады: телефонмен ұзақ әңгімелесу, сериал/фильм қарау, әлеуметтік желі жаңалықтарын тексеру жұмыстары - шұғыл шаруа болмаса да адам уақытты жұтып қоятын осы шаруалармен айналысқанды жақсы көреді.





Ең бірінші кезекте шұғыл және маңызды шаруаларға білек сыбана кірісіңіз. Осылай алдыңызға ұзақ мерзімді мақсат қоя біліңіз. Мақсатыңызға жету үшін ойға алған барлық шаруаларды төрт бұрыштардың ішіне орналастырыңыз. Сәт сайын телефоныңызды тексеру сізге пайда әкелмейді, сондықтан болмашы дүниелерге назар аударып, уақыт жоғалтпаңыз.





Бастысы - шындап кірісіңіз. Өз мақсатыңызға, арманыңызға адал болсаңыз, тайм-менеджменттің арқасында барлығы ойдағыдай іске асатыны сөзсіз.