Қазақша посттар
2022-04-13 16:24

Өмірде қажет болатын кеңестер

1. Көп уәде бермеуге тырыс, ал уәде бердің бе, ұмытпай орында.





2. Сенен біреу көмек немесе кеңес сұрамаса, өз бетіңше әрекет етуге асықпа.





3. Ең сәтсіз деген күннің өзінен бір жақсы нәрсе табуға болады. Сондықтан ешқашан үмітіңді үзбе.





4. Ешкімді сынап, мін тақпа. Біреуді айыптағанша, алдымен өзіңді түзеуге мән бер.





5. Тексерілмеген, жалған ақпарат таратудан аулақ бол. Әркімге бір сеніп, не болса соны тарата берсең, босқа өсекші атанып, қадіріңді кетіресің.





6. Барлық адам құрметке лайық. Ешкім де өзін басқа біреудің басынғанын қаламайды. Сол себепті қай жерде жүрсең де, әдепті болып, этикет нормаларын сақта.