Қазақша посттар
2022-07-28 12:07 Пайдалы кеңестер

Мықтыға тән 5 қасиет

1. Өз-өзіне сенімді және рухы мықты адам басқаларға ренжіп, мұңын шағып, босқа уақытын кетірмейді. Керісінше, ол бар күш-жігерін өз-өзін дамытуға жұмсап, өзгелерден екі есе артық тырысып-тырмысатын болады.


2. Рухы әлсіз және өзіне сенімсіз адамдарға қарағанда, рухы мықты адамдар әрдайым өз өмірі үшін жауапкершілік ала біледі. Олар жетістіктің оңайлықпен келмейтінін түсінеді және сол себепті әрдайым тынбай еңбектенеді.


3. Бәріне бірдей жағуға тырысатын адамдар - нағыз бақытсыз адамдар. Ондай адамдар өз өмірін басқалардың қас-қабағына қарап, өткізіп алады. Ал бақытты адамдар барлығына бірдей жағудың мүмкін емес екенін біледі. Сол себепті де, олар ең алдымен өз қалаулары мен мақсаттарын бірінші орынға қойып, өз өмірлерін жақсартуға ұмтылады.


4. Ерік-күші мықты адамдар тәуекелге бел буып, өзгерістерге бетпе-бет келуден қорықпайды. Бірақ тәуекелге олар бірден бармайды. Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді таразыға салып, жақсылап ойланғаннан кейін ғана барады.


5. Рухы мықты және өзіне толықтай сенімді адамдар оңайлықпен берілмейді. Үлкен жетістіктерге жетіп, әлемге танымал болған адамдарды есіңе түсірші. Олардың жолы оңай болды дейсің бе? Жоқ, олар тек өздерінің табандылықтарының, өздеріне деген сенімділіктерінің және қайратты болуының арқасында жетістікке жетті.