Қазақша посттар
2022-07-28 16:46 Пайдалы кеңестер

Денің сау болса грантты оңай ұтып аласың

Үнемі ұйқың келетін болса, басың ауыра берсе, қайта-қайта ауырып жүрсең ҰБТ-ға қалай дайындалмақшысың? Керісінше, көңіл-күйің жақсы, миың тыныш, ұйқың қанған болса сенің ақпаратты қабылдауың қаншама есе жеңілдемейді ме? Дайындықты жеңілдететін ең оңай жол – денсаулығың мықты болу. Сол үшін мына дәрумендерді біліп жүр:


А дәрумені – көздің көру қабілетіне, шаш және тері жағдайына пайдалы. Бауыр және балық майы оған бай.

В топ дәрумені – энергетикалық алмасуға қатысады. Дәндер, дақылдар, ет және саңырауқұлақтардың құрамында көп.

С дәрумені – А және Е дәрумендерімен бірге бос радикалдардың пайда болуына жол бермейді. Бұл дәнекер тіндері мен темірдің сіңуі үшін маңызды. Жаңа піскен көкөністер мен жемістер С дәруменіне бай.

D дәрумені – адам ағзасында терідегі холестериннен ультракүлгін сәулесінің астында шығарылады. Фосфор мен кальций алмасуын реттейді. Жұмыртқаның сарысы, кілегей, май осы дәруменге бай.

Е дәрумені – тромбоз қаупін азайтады, терінің жақсы жағдайы мен бұлшықеттің дамуы үшін маңызды. Өсімдік майларында, шпинатта, қызылшада, қырыққабатта кездеседі.

K дәрумені – ішекте микроорганизмдер көмегімен аз мөлшерде пайда болады. Қанның ұю процессінің маңызды бөлігі бауырды қатерлі ісіктен қорғайды. Оған ең бай – жасыл көкөністер, қырыққабат, жұмыртқа.

Р дәрумені – антиоксидант, сонымен қатар қан тамырларын зақымданудан қорғайды. Негізгі көзі ашық түсті көкөністер мен жемістер және көк шай.