Ең алдымен алға үлкен мақсат қою керек және сол мақсатқа қарай талпыну керек.
Бір семинарда болған жағдай. Ұстаз шәкірттердің бірінен: «Өскенде кім болғың келеді?» деп сұрайды. Шәкірт «Дәрігер болғым келеді» дегенінде «Дәрігер болсаң айналаңдағыларға өзіңдей ғана пайдаң болады. Алайда аурухана меңгерушісі болсаң немесе бас дәрігер болсаң, қарамағыңда жүздеген дәрігерлер болады. Көптеген адамдарға пайдаң тиеді» дейді.
Басқа бір шәкірті ұшқыш боламын депті. Сонда ұстазы: «Неге ұшқышпен шектелесің, мақсатыңды жоғары тұт. Мақсатың авияциялық компания құру болсын. Қарамағыңда көптеген ұшқыштар болады, көп адамдарға, еліңнің өркендеуіне пайдаң тиеді» дейді.
«Ештеңе білмеймін, меңгермеймін де, бірақ бастық боламын» деу де бос сөз. Егер бір мақсат қойған болсаң, сол істі жақсы көретін болсаң, онсыз да соған қажетті нәрселерді бар ынтаңмен жақсы көріп үйренесің.
Иә, таңдаған мамандығыңда жетік білімді болуың керек, көздеген мақсатыңа қажетті барлық нәрсені жақсы білуің керек. Алайда мақсатың жоқ болса, қандай іс болмасын оны орындау қиынға соғады.