Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Интернет ұстаздың пайдасы 😍

Бәрің үкіметтің ұсынған тарифіне кіріп алып, оқуды бастай алмай жатырсыңдар. Бәрекелді! Алайда сол смартфонды кітап орнына да пайдалана аласың. Шынымен айтып жатырмын ба? Иә!


Бәрібір мен айтпай-ақ кіріп жүрсің ғой. Оны дұрыс пайдаға асырайық. Мысалы, тарихтан бес беттік материалды оқып бітем дегенше іш пысады. Ал оның интернетте қызықты видеосы бар.


Химиядан бір тақырыпты түсіну қиын. Оның үстіне Қазақстан мектептерінде көзіңе көзілдірік кигізіп, колбаны жарып, эксперимент жасай бермейтіні анық. Осындайда интернетке кіріп, қызықты видеоларын көрсең, есіңде жақсы қалады.


“Разрушители легенд” деген бағдарлама болушы еді бұрын. Соны көрген сайын “мектепте физика мен химиядан осы екі кісі берсе ғой” деп армандап отырушы едік.

Смартфон мен интернетті сабақты қызығырақ, тереңірек түсінуге пайдалансаң болады, тек артық кетудің қажеті жоқ.