Қазақша посттар
2022-07-26 14:27 Пайдалы кеңестер

Биология пәнінен біліміңді жақсартудың жолдары 📖

Биология - оңай сабақ емес. Бір тақырыпты түсінбей қалсаң, қалған тақырыптарды түсініп кету қиынға соғады. Егер биология таңдаған мамандығыңа қатысты болса, онда қазірден бастап оқуға ден қой.


Сонымен биологиядан үлгеріміңді қалай жақсартуға болады?

1. Биология, химия, география және математика секілді ғылымдардың біріне жататындықтан, оның өзіндік терминдері бар. Егер терминдер қиын болса, бөліктерге бөліп жаттауға кеңес береміз. Мысалы, "глюкоза" - "глюк" - тәтті, ал "оза" - қант деген мағынаны білдіреді. Осыны білу арқылы сен сахароза және лактоза секілді терминдердің қантқа байланысты екенін біліп аласың.

2. Тақырыпты толық түсіну үшін ондағы биологиялық процестердің суретін салып немесе тақырып бойынша схема құр. Интернеттен сол тақырыпқа қатысты видеоларды қарап көр. Бір ғана фотосинтездің өзіне арналған қаншама материал бар.

3. Әрбір параграфты оқып болған соң, соңындағы сұрақтарға жауап беріп, өз біліміңді тексеріп отыр. Әсіресе, күрделі және ойландыратын сұрақтарға назарыңды аударып, жауабын табуға тырыс. Егер жауабын таба алмай жатсаң, мұғалімнен сұра немесе интернеттен қара.