1. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам дегендей, қандай жағдай болса да шындықтың жағында бол.
2. Өзіңді қандайсың, сол қалпында қабылда: жақсы және жаман жақтарыңмен, қателіктеріңмен, армандарыңмен және мақсаттарыңмен бірге.
3. Аз сөйлеп, көп тыңда. Көпшіліктің ой-пікірін тыңдап, содан өзіңе нәтиже шығар.
4. Айналаңдағы у-шудан демалу үшін тыныш жерге барып, бір уақыт ойларыңды жинақтап алуға тырыс.
5. Сен барлық жағдайды бақылауда ұстай алмайсың, кей кезде саған бағынбайтын да жағдайлар болады. Сондықтан өзің барынша тырысып, қолыңнан келгеннің барлығын жаса, ал қалғанын өмірдің өзі-ақ реттейді.