Қазақша посттар
2022-04-13 16:20

Шектеуші бағдарлама жүктеп ал

Уды у қайтарады дейді мақалда. Өміршең мақал. Телефон қолыңнан түспейтін болса, әлеуметтік желіден шықпайтын болсаң, интернетке тәуелді болып қалсаң, онда шектеуші бағдарламалар жүктеп ал. Оның түрлері көп. Ұнағанын, ең көп жүктелгенін жүктеп ал.





Өзіңді бірден қатал түрде шектеп тастама. Күн сайын; аз-аздан деген принцип бойынша, бірте-бірте азайт. Телефоныңда инстаграмда қанша уақыт отырғаныңды көрсетіп береді. Егер 5 сағат болса, онда шектеуші бағдарламаға 4 сағат деп белгіле. Бір аптадан соң 3 сағат, тағы бір аптадан соң 2 сағатқа түсір. Күніне 1 сағатқа дейін түсірсең, керемет жеңіс.





Интернетке тәуелділік, телефонда ойын ойнауды да солай ретке келтір. Өзіңді өзің ретке келтірмесең, біреу келіп реттеп бермейді.





Кім құл, кім қожайын екенін анықтап ал. Өзіңді тыя алмасаң, бағындыра алмасаң, жеңе алмасаң, құлдан айырмаң қалмайды.





Кішкене жеңістер үлкен жеңіске жол ашады!