Қаңтар ҰБТ-сын 90 мыңнан астам оқушы тапсырды, оның ішінде 300-ге жуық оқушының нәтижесі жойылды . Себебі оқушылар өзімен бірге ұялы телефон немесе шпоргалка алып кіріп, содан көшіруге әрекет жасаған.
Алайда, ҰБТ барынша әділ өту үшін, ережелер жылдан-жылға күшейтілуде . Мәселен, 2021 жылы оқушыға тек 1 камера бағытталған болса, 2022 жылы 2 камера арқылы бақыланып , артынша әр оқушының жазбасы қаралып, тексеріледі.
Жасалатын түйін біреу: емтихан тапсырарда тек өз біліміңе сену керек. Ешқандай смартфон, шпоргалка, жаныңдағы адамға емес, тек өзіңнің біліміңе сен.
Оқушылар ереже бұзушылыққа неліктен барады? Себебі жеткілікті дайындалмайды, өз күшімен керекті баллды жинай алмайтынын біледі.
Нағыз ҰБТ-ға 3 ай қалды. Дәл қазір қызу дайындалатын сәт. Уақытты бос кетірмей, дайындықты барынша тез бастауға кеңес береміз. Ал жазға дейін керекті баллға жеткісі келетін оқушыларға біздің ҰБТ-ға дайындық курсын ұсынамыз .
Курста күнде тікелей эфирлер, Қаңтар ҰБТ-ның базасымен тесттер, видео-сабақтар, тапсырмалар, кураторлар мен ортақ чаттар бар.
Онымен қоса, курстың оқушылары 5 0 ішкі грант конкурсына қатыса алады, ал ҰБТ-дан кейін біз 4 мамандық пен 4 университет таңдауға көмектесеміз .