Қазақша посттар
2022-08-04 17:16 Пайдалы кеңестер

Менің емтихан алдындағы дайындығым

• Тамақтануым пен ұйқымды бақыладым. Шектен тыс шаршаудан қаштым. Емтиханнан бір күн бұрын өзіме демалуға мұрсат бердім.

• Емтиханға бірнеше күн қалғанда уайымдап, күйзеліске түспеу үшін қай-қайдағыны ойлап, бойкүйездікке берілмеуге тырыстым.

• Аудитория мен өзім отыратын орын жайлы біліп алып, ортаға үйренісуге тырыстым.

• Алдын ала бар қажетті құралдарды дайындап қойдым.

• Емтиханнан үш күн бұрын жазбаларымды жай бір шолып шықтым, бірақ жаңа және таныс емес тақырыптарға кіріскен жоқпын.

• Емтиханнан үш күн бұрын түрлі бағдарламалар, ойындар, теледидар, т.б. көруден бас тарттым. Тек бір жетістік тарихын оқып шықтым.

• Емтихан күні ерте тұрып, жақсылап таңғы ас іштім (шектен тыс емес тек), өзіммен бірге су және тәттілер алдым.