1. ҰБТ-ға бір жыл бұрын дайындал!
2. Бірінші кеңесті еске салып тұратын досың болсын.
3. Екінші кеңестегі досың алда-жалда ұмытып қалатындай болса, орнын басар екінші досың болсын.
4. ҰБТ-ға дайындықтың өзіңе арналған жоспарын жаса. Мысалы, оқу сауаттылығын жақсы білсең, оған уақыт құртпа. Математикалық сауаттылықтан жақсы білетін тақырыптарыңды қайталап оқу қажет емес. Білмейтін тақырыптарыңды оқу жоспарына кіргіз.
5. Сынақ емтихандарында жиі қате жіберетін сұрақтарға арнайы дайындал.
6. Өзіңнен мықты білетін оқушылар жиналған топқа кіріп ал. Өзің ғана мықты білетін топтан қаш. Озат оқушы да, нашар оқушы да бар топтан қаш. Себебі команданың жылдамдығы ең баяу жүретін адамның жылдамдығымен бірдей.
7. Таңғы 6 мен 8 арасындағы уақыттың берекесін пайдаланып қал. Ұйқың қанбауы мүмкін. Ол үшін тым болмаса түнгі 12-де ұйқыға жат. Сосын күндіз 1 мен 3 арасында 20 минут мызғып ал. Аз ұйықтап жүрген сияқты азғыру ойлар келіп жатса, мынаны есте сақта: аз ұйқыдан өлген адам жоқ. Көп ұйқыдан өлген адам көп.
8. 45 минут сайын 15 минут демалыс жаса. Спорттық жаттығу жасасаң, кәдімгідей жаның жадырап қалады.
9. Мақсатқа жету үшін қолыңда бар мүмкіндікті түгел пайдалан. Курсқа да қатыс, мұғалімнен де үйрен, онлайн сабақ та қара.
10. Немесе осылардың бәрінің орнын ауыстыратын бір нәрсе бар. Соны ғана орында. Ол – JOO.KZ курсы.
Курсқа тіркеліп, ҰБТ-ға дейін қанша балл жинайтыныңа дейін көре аласың.