Қазақша посттар
2022-08-03 13:37 Пайдалы кеңестер

Эйнштейн физиканы 3-ке оқыған ба?

Көптеген деректерде Эйнштейн математика және физикадан үшке оқыған деп айтылады. Ол кітаптағы материалды жаттап, оқи беруді ұнатпағаны рас.


Бірақ бұл пәндерді нашар оқығаны шындыққа жанаспайды. Ол бала кезінен математикаға қызығушылық танытқан. Өзі бұл жайлы: «Мен математикадан сүрінген емеспін. 15 жасқа дейін дифференциалды және интегралды есептеулерді толық меңгердім» деген екен.


Эйнштейннің басқа оқушылардан айырмашылығы: физиканы өз бетінше зерттеп, тәжірибелер жүргізуді жақсы көрген. Дайын білімді сіңіріп алуды емес, өздігінен ізденіп, еңбектенуді өмірлік ұстанымына айналдырған.

Бұдан шығатын түйін: өз бетінше ізденген оқушы басқалардан қарағанда әлдеқайда жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Айтпақшы, осы аптаның пробный тестін тапсырдыңдар ма? 🤔 Прогресс болып жатыр ма?