Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қазіргі заманның басты талабы не?

Қазіргі заманда жетістікке жету үшін бір ғана істе шебер болып, бір ғана саланы меңгеру жеткіліксіз. Оған Бенджамин Франклин, Стив Джобс және Леонардо да Винчи секілді ұлы адамдар дәлел бола алады. Бұл тұлғалар бір емес бірнеше саламен айналысып, жан-жақты бола білді. Олардың жетістікке жетуінің де себебі осы.


Дамыған ғасырда өмір сүрудің ең үлкен артықшылығы - кез келген білімді интернеттен қолжетімді түрде алуға болады. Мысалы егер сен программист болғың келсе, онлайн курстарға қатысу арқылы программалаудың әртүрлі бағыттарын үйреніп ала аласың.


Жалпы бір ғана саланы біліп, бір ғана мамандықпен шектеліп қалмау керек. Керісінше үнемі өз-өзіңді дамытып, жаңа білімдер үйреніп, жан-жақты болуың қажет. Сол кезде алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылып, жоғары сұранысқа ие маман болып шыға келесің.