Қазақша посттар
2022-08-03 12:59 Пайдалы кеңестер

Түнде ұйықтамай сабақ оқуға бола ма?

Технология біздің өмірімізді жеңілдетіп, бос уақытымызды көбейту үшін жасалған. Байқайсыңдар ма, керісінше бос уақытымыз азайып, тірлігіміз көбейді. Осының ішінде ең көп зиян шегетіні – ұйқы. Бір іске уақыт таппасақ, ұйқыдан ұрлаймыз. Бір түн бойы ұйықтамай, сабақ оқып шықсаң не болады?


1) Бір түн ұйықтамасаң, оның орнын екі түн ұйықтап толтыра алмайсың.

2) Бір түн ұйықтамасаң, келесі күні басың ісіп кеткендей боп жүресің. Мең-зең боп тұрады.

3) Мұндай күйде жаңадан ақпарат қабылдау қиындайды.

4) Бір күн бойы мас секілді күйде жүресің.

5) Иммунитетің бірден әлсірейді.


Әрине, таяқтың екі ұшы бар. Оған да тоқталайық.

1) Егер түнде өнімді жұмыс істейтін болсаң, онда түнде дайындал.

2) Кейбір жобаларды таңға дейін бітіру керек болады. Әрине, мұндай жағдайлар жиі болмас. Сондайда бір түніңді қиып, дайындалуға болады.

3) Түніңді білім алуға жұмсасаң, ол бекер өткен түн емес. Кино көріп өткізуден сақтану қажет.

4) Адам итжанды демекші, ағза бір түн ұйқысыз өткізуге шыдайды. Тек артынан жақсылап ұйықтау керек.

5) Негізі түн адамға демалу үшін берілген. Бұл уақытта ағза күні бойы жоғалған ресурстарын қайтадан жинайды. Сондықтан түнде өнімді болсаң да, режимді бірте-бірте ауыстыру қажет.

6) Мынадай жақсы әдіс бар: түнгі 22:00-1:00 арасында ұйықтап ал. Сонда басың демалады. Ары қарай оянып, күн шыққанға дейін 7-8 сағат дайындалсаң болады.