Қазақша посттар
Мотивация

Мотивация алғың келсе, мына 3 нәрсені күнде жаса 👌🏻

1. Бөлмеңді және жұмыс үстеліңді әрдайым таза және жинақы ұстауға тырыс. Себебі ондай бөлмеде адамның өнімділігі артып, зейіні ашылады.


2. Өзіңді сергітіп, мотивация алудың тағы бір жолы - салқын душ қабылдау. Зерттеулер нәтижесінде ыстық душтан қарағанда, салқын душ қабылдау адамға сергектік сезімін сыйлап, құлшынысын оятатыны анықталды. Ұйқыңды аша алмай, өзіңді энергияң таусылғандай сезініп жүрсең, саған салқындау душ қабылдауға кеңес береміз. Тек тым салқын суға түсіп, ауырып қалма. 🥶


3. Армандауды жақсы көретіндердің құлақтарына алтын сырға: армандау - өнімділікті арттырып, мақсатқа жетуге мотивация береді. Мотивация жетпеген кезде сәл-пәл өзіңе уақыт бөліп, армандаудың еш әбестігі жоқ. Алайда армандаумен шектен тыс әуестеніп кетудің де қажеті жоқ, барлығы өз орнымен, өз мөлшерімен болғаны дұрыс екенін есіңнен шығармауға тырыс.