Қазақша посттар
Өзіңді әрқашан бірінші орынға қой!
Пайдалы кеңестер

Өзіңді әрқашан бірінші орынға қой!

1. Егер сен өз-өзіңді сыйлап, өз қызығушылықтарыңды өзгелердікінен жоғары қоятын болсаң, басқалар бұны көріп, саған автоматты түрде сыйластықпен қарайтын болады. Ал егер сен өз құқықтарыңды өзің қорғай алмай, өзгелердің мүддесін бірінші орынға қоятын болсаң, онда басқалар да саған сондай көзқараспен қарап, сені тек өз пайдасы үшін ғана пайдаланатын болады.


2. Өзін-өзі сыйлайтын адам өзінен басқа ешкімнен үміттенбейді. Қасындағы адамдар оны қолдай ма, қолдамай ма, оған бәрібір. Ең бастысы, ол өзі үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алса болғаны.


3. Өз армандары мен мақсаттарына мықтап берілген адамды басыну қиын. Себебі ондай адам өзін қоршаған адамдарды ақылмен таңдап, жан-жағында негативті ойлайтын адамдардың болмауын қадағалап отырады.


4. Өзіңді бірінші орынға қою арқылы сен өз-өзіңді кеңінен тани бастайсың. Сондай-ақ жақсы көретін ісіңмен айналысып, жаңа хоббилер табасың. Сол себепті де, егер сенің армандарың немесе қандай да бір қызығушылықтарың болса, оларды әрқашан бірінші орынға қойып, өмірлік приоритетіңе айналдыруға тырыс.


5. Мишель Обама өзінің тілшілерге берген сұхбатында: "Мен әрдайым өзімді бірінші орынға қойып, алдымен өз жағдайымды жасаймын" деген екен. Сол кезде тілшілер Мишельден "Бұныңыз тым өзімшілдік емес пе?" деп сұрағанда, Мишель: "Менің ойымша бұл ешқандайда өзімшілдікке жатпайды, керісінше, мен бұны өзін-өзі жақсы көру деп атар едім. Себебі мен бар болғаны ешкімнің мен үшін шешім қабылдағанын қажет етпейтін және өз проблемаларымнан бұрын басқалардың проблемаларын шешуге ұмтылмайтын адаммын"- деп жауап берген екен.