Қазақша посттар

Ақысын бер

Жеңіл келген ақша жеңіл кетеді деген сөз бар. Гивке қатысу, конкурсқа қатысып, тегін ұтып алу бір жағынан әдемі көрінгенмен, астарында еңбек етпей қол жеткізу деген ниет тұр. Одан ұтқан нәрсеңнің қадірі болмайды. Жоғалтып алсаң да өз ақшама сатып алған жоқпын ғой деп ішіңіз ашымайды.





Өз еңбегіңмен тапқан дүниені біреуге басымен бергің келмейді. Өйткені қадірі бар, сіңген маңдай тер бар. Оның ақысын бергенсіз. Бір мамандықты таңдасаңыз, оның да ақысын беріңіз. Ақысын беру дегеніміз оған 10000 сағат уақытыңды арнау, еңбектену, оқу, қайталау, машықтану, соның барлық қырын үйрену үшін ұйқысыз түндер өткізу.





Ал оның ақысын бермеу сабаққа бармау, үйренбеу, емтиханды шпормен, ақшамен жабу, дипломды сатып алу, көкеңнің күшімен жұмысқа тұру.





Ақысы берілген істің қадірі болады. Жолда қалмас үшін ең ұсақ істің де ақысын беріңіз.