1. Егер сен түске дейін ұйықтап, ештеңе істемей жалқауланып жата берсең, бұл сенің бойыңда әдет болып қалыптасып, одан құтылу күннен күнге қиындай беретін болады. Сондықтан өз өміріңді өзгерткің келсе, алдымен жалқаулықтан құтылып, 3 апта бойы әр күніңді продуктивті өткізуге тырысуың керек. Сөйтіп, бар болғаны 21 күн ішінде бойыңда жаңа әдет қалыптасып, өзіңді мүлдем басқа адам ретінде сезінетін боласың.
2. Қасыңда қолдайтын, шынайы достарың жоқ па? Онда тұрған ештеңе жоқ. Кинематографты ойлап шығарған ағайынды Люмьерлердің қызығушылықтары бірдей достары болды дейсің бе? Әлде телефонды ойлап тапқан Александр Грэхэмнің досы болды дейсің бе? Бұл адамдардың достары болмаса да, олар өз күшімен, ешкімнің қолдауынсыз-ақ жетістікке жетті. Сол үшін де, "досым жоқ" деп мұңайма, одан да, өз-өзіңе дос бол. Барғың келетін жерге, "достарым болмаса бармаймын" деме, керісінше бар, қасыңда ешкім болмаса да, өзің бар.
3. Талантты адамдар сол таланттарымен дүниеге келді деп ойласаң, қателесесің. Біреудің керемет фокус көрсететініне таңғаласың ба? Егер арнайы сабақтарды қарап, фокус әлеміне кіріп кетсең, сенің де қолыңнан солай фокус көрсету келеді. Сүйікті пианистің секілді сен де пианинода ойнап үйрене аласың, суретті де әдемі сала аласың, сапалы кітап та жаза аласың. Бастысы, ерінбей еңбектенсең болғаны. Еңбектену арқылы сен кез келген істі игеріп, өзіңді шыңдай аласың!