Өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтіп, жаңа ортаға түсерде бәрімізде қобалжу болады. Жаңа таныстарға өзіңді жақсы жағыңнан көрсетікің келеді, бәрімен тіл табысқың келеді. Бастысы: қорықпау. Біз болашақ студенттерге бірнеше кеңес дайындап қойдық, соларға құлақ түр.
1. Өз-өзіңе сенімді бол. Адам сенімді болып туылмайды, ол бұл қасиетті бойына уақыт өте келе сіңіреді. Сенімділікті арттыру үшін өзің қорқатын заттарды істе, мысалы: көшеде адамдармен танысу, презентация қорғау, өзіңнің ән айтқаныңды видеоға түсіру және т.б.
2. Жаңа таныстарың жайлы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға тырыс. Бірінші есімдерден баста, бір-бірімен шатастырма. "Қыз, атың кім еді?" – деп жүріп ренжітіп те алуың мүмкін. Егер сен олардың аттарын бірден жаттап, тіпті туған жерін, туған күнін де біліп жүрсең, оларға бұл ұнайтыны сөзсіз.
3. Адамдарға ұнаймын деп, шектен тыс кетпе. Барынша шынайы бол, өзіңді басқаша етіп көрсетуге тырыспа. Көзбояушылық пен жағымпаздық туралы тіпті ойлама. Өзіңнің бет-бейнеңнен алыс кетпе, себебі өтіріктің арты бір-ақ тұтам.
4. Жаңа таныстарыңмен ортақ қызығушылықтар тап. Сөйлесуге тақырыптардың саны көбейе түседі, сендер де жақындаса түсесіңдер. Қандай фильм көргенді ұнатады, қандай кітаптар оқиды және қай әншілерді тыңдайды, барлығын сөз арасында біліп алуға тырыс.
5. Басыңды тік ұста. Аяғыңның астына қарап, шұқыланып тұрғаныңда, сені бірден өз-өзіне
сенімсіз адамдар қатарына жатқызатын болады. Ашық бол. Әңгімеге араласып, белсенді бол. Сонда сен адамдарды өзіңе тартасың және басқалардың есінде ақсы сақталып қаласың.