Қазақша посттар
2022-08-04 17:53 Пайдалы кеңестер

5 жылдан кейін сен үшін маңызды бола ма?

1. Өзің қандайсың, өзіңді сол қалпында қабылдап, индивидуал болуға талпын.

2. Ойлағаның орындалмай, сәтсіздікке тап болсаң мұңайма, қайта күлімде.

3. Әр айтқан сөзіңе мұқият бол. Өтірік пен өсекке әуестенбе, айтарың тек шындық болсын.

4. Өзіңе қателік жасауға мүмкіндік бер. Себебі қателесу арқылы ғана адам өзін-өзі дамытып, тәжіриебе жинай алады.

5. Күн сайын өзіңді тыныштандыру үшін медитация жаса.

6. Қорқынышты жеңу үшін оны жай ғана иллюзия деп қабылда.

7. Егер қандай да бір мәселе басыңнан шықпай қойса, өзіңе: бұл проблема 5 жылдан кейін мен үшін маңызды бола ма?- деп сұрақ қой. Осы сұрақтан кейін әлгі мәселе сені мүлде мазаламайтын болады.

8. Егер біреу сенің ашуыңа тисе, оған жауап қайтармас бұрын 24 сағат күт.

9. Сенің жетістікке жетіп, бақытты болуың өзгелердің емес, өз қолыңда. Сондықтан ешкімге тәуелді болмай, әрдайым тек өз-өзіңе сен.

10. Ешқашанда берілме! Табандылығың пен еңбекқорлығың міндетті түрде жемісін береді.