Қазақша посттар

Күнделік жүргізесің бе?

Күнделік жүргізу жақсы нәрсе. Ол өз-өзіңді тәрбиелеуге, сезімдеріңді, ойларыңды реттеуге жақсы көмектеседі. Сонымне қатар күнделік жазу стиліңді қалыптастырады. Сөздік қорыңның қаншалықты екенін өзің-ақ байқайсың.





Күнде демеймін, бірақ 2-3 күнде бір 15-20 минут отырып, арнайы арнаған дәптеріңе ойыңа не келеді, солардың бәрін жаз. Қандай жағдай әсерін тигізді, нендей ойлар мазалап жүр, қандай идеялар тыныштық бермейді, ешбірін қалдырма. Сонда ойларым шашырап жүр , ойларымды бір жүйеге келтіру керек еді деп қиналмайсың. Жазу барысында ойларың өзі-ақ жүйеленеді.





Қағазға түскен ойлар одан кейін сені мазаламайды. Тіпті қорқыныштарыңды қағазға жазып, артынан өртеп жіберсең, жеңілдеп қаласың дейтін психологиялық әдіс бар.



Күнделіктің көптеген жақсы пайдалары бар. Қай тілді меңгергің келеді? Орысша, ағылшынша, түрікше? Ендеше, сол тілде күнделік жазуды қолға ал. Нәтижесі көп өтпей көрінеді.





Ал, сен күнделік жазасың ба? Комментке жаз.