Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ерекше әрі қызықты хоббилер 🌟

1. Латте-арт ☕

Сурет салу ішіңді пыстырса, латте-артты байқап көр. Бұл – кофе көбігінде сурет салу. Әлемде мұндай адамдардың арнайы форумдары да бар. Қиялыңа қарай түрлі сурет салып, әлеуметтік желіде бөліссең болады.


2. Карталардан үй салу 🏯

Шыдамдылық пен сабырлылықты талап етіп, концентрацияңды жақсартатын тағы бір ерекше хобби түрі - карталардан үй салу. Бұл хобби түрінің дамығаны соншалық, бүкіл әлемде картадан үй салу бойынша «карталық архитектура» конкурсы өткізіледі.


3. Қоқысты қайта өңдеп, жаңа зат шығару ♻️

Барлық әлемнің назары экологияға ауып, қоқыстан арылудың түрлі жолдарын ойлап тауып жатыр. Әртүрлі қоқыс материалдарынан пайдалы және әдемі заттарды жасау хоббиі пайда болды. Бұл хоббимен айналысу үшін саған пластик, қолданылған лампа шамдары және ескі киімдер секілді қайта өңдеуге келетін қоқыс материалдары қажет. Ал олардан не жасауға болатыны туралы неше түрлі қызықты идеяларды ғаламтор желісінен қарасаң болады.