Адам тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін ғана өзін ересекпін дей алады. Тәуелсіздік, ақыл-ой, парасат деген секілді анық белгілерден бөлек, мұның басқа да көбісі мән бере бермейтін белгілері бар. Мысалы:
1. Сен өзіңді осы бейнеңде қабылдадың. Басқаларға еліктеусіз, ешқандай өкінішсіз, өз бет-әлпетіңді және мінезіңді жақсы көре бастадың.
2. Бөлмеңнің жинақы тұрғанын өзің қадағалайсың. Анаң бірнеше рет есіңе түсіргеннен кейін ғана жинастыруға кіріспей, өз бетіңше істейсің, себебі мұның маңызды екенін білесің.
3. Смартфонға, компьютерге телміріп отырып уақыт өткізу енді саған қызық емес. Себебі сенің бұдан қызықтырақ және маңыздырақ істерің пайда болды.
4. Басқаның ойына назар аударғанды қойдың. Себебі басқалар сенің өміріңде ешқандай рөл ойнамайтынын, ештеңеге әсер етпейтінін түсіндің (әрине, ең жақын адамдарыңнан бөлек).
5. Сен бос әңгімеден бас тарттың. Мән-мағынасы жоқ заттарды басқалармен отырып алып сағаттап талқылаудан еш пайда шықпайтынын түсіндің.
6. Өзіңнің шешімдеріңе объективті түрде қарай аласың. Яғни, өзіңнің көзқарасың арқылы ғана емес, ауқымды түрде қарап, дұрысынан бағалай аласың.