Қазақша посттар
2022-08-04 17:18 Пайдалы кеңестер

ҰБТ кезінде ішуге арналған 5 пайдалы шырын

1. Апельсин шырыны

Апельсин шырынында адам ағзасынан токсиндерді шығарып, асқазан жұмысының белсенділігін арттыратын С дәрумені және қан қысымын ретке келтіріп, жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартатын гесперидин атты белсенді зат бар.


2. Грейпфрут шырыны

Цитрустар тұқымының тағы бір белгілі жемісі - грейпфрут біздің организмімізге өте пайдалы. Грейпфруттың құрамында С, Е, РР дәрумендері мен көптеген микроэлементтер кездеседі. Бұл жемістің шырыны жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа түсіріп, ұйқыны реттеп, тіпті, шаршау сезімін де баса алады.


3. Анар шырыны

Анар - ежелден келе жатқан жемістердің бірі. Оның шырыны А, Е, РР және В дәрумендеріне бай. Анар шырынын күніне 3 рет бір стакан ішу ұсынылады.


4. Қызанақ шырыны

Қызанақ - денсаулыққа өте пайдалы, оның құрамында жүйке жүйесінің жұмысын жақсартатын калий, магний, фосфор, сондай-ақ қан-тамырларына қажетті С және А дәрумендері бар. Сонымен қатар қызанақ шырыны стресс деңгейін қалыпқа түсіріп, көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.


5. Сәбіз шырыны

Сәбіз шырыны - дәрумендер мен микроэлементтер жөнінен лидер болып саналады. Ол жүйке жүйесін тыныштандырып қана қоймай, стрессті түсіруде де, таптырмас эффективті шырын.