Бұл мысал адамдарға да қатысты. Мәселен: сен өз өміріңді жақсы жаққа өзгертуге тырысып, әлгі краб секілді жоғарыға шығуға ұмтыласың, ал сенің қасыңдағы адамдар, жақындарың сені қолдаудың орнына, керісінше, артқа тартып, жолыңды бөгейді. Олар саған: Сенің қолыңнан келеді, сен мықтысың! деудің орнына Бұл сен үшін тым қиын, сондықтан босқа тырысып, өзіңді қинама дейді.
Мүмкін олар бұны әдейі айтпайтын да шығар, бірақ қалай болғанда да өз айтқаныңнан қайтпауың керек. Сені ешкім қолдамаса да, саған сенбесе де, сен өз-өзіңе сенуің керек . Бастапқыда қиын болғанымен, уақыт өте келе үйреніп кетесің. Сондықтан айналаңдағы адамдарға өз жоспарларыңды алдын-ала айтпа, одан да барлығын өзің қалағандай жасап, өміріңді өзгерткеннен кейін барып, нәтижесін ғана көрсет.