Қазақша посттар
2022-04-13 16:03

Краб-адамдар

Крабты аулаған кезде оны арнайы ыдысқа салып, үстін жаппай қойып кетеді. Сол кезде крабтардың біреуі жоғарыға өрлеп , шығуға ұмтылғанда, оны астындағы басқа крабтар артқа тарта бастайды . Сөйтіп әлгі краб шыға алмай, басқалармен бірге сол жерде қалып, соңында біреудің асына айналады.





Бұл мысал адамдарға да қатысты. Мәселен: сен өз өміріңді жақсы жаққа өзгертуге тырысып, әлгі краб секілді жоғарыға шығуға ұмтыласың, ал сенің қасыңдағы адамдар, жақындарың сені қолдаудың орнына, керісінше, артқа тартып, жолыңды бөгейді. Олар саған: Сенің қолыңнан келеді, сен мықтысың! деудің орнына Бұл сен үшін тым қиын, сондықтан босқа тырысып, өзіңді қинама дейді.





Мүмкін олар бұны әдейі айтпайтын да шығар, бірақ қалай болғанда да өз айтқаныңнан қайтпауың керек. Сені ешкім қолдамаса да, саған сенбесе де, сен өз-өзіңе сенуің керек . Бастапқыда қиын болғанымен, уақыт өте келе үйреніп кетесің. Сондықтан айналаңдағы адамдарға өз жоспарларыңды алдын-ала айтпа, одан да барлығын өзің қалағандай жасап, өміріңді өзгерткеннен кейін барып, нәтижесін ғана көрсет.