Қазақша посттар
2022-08-04 14:56 Мотивация

Пабло Пикассодан 3 өмірлік сабақ

1. "Менің қолымнан келеді" - деп санайтын адамның қолынан шынымен де бәрі келеді. Ал "Менің қолымнан келмейді" - деп ойлайтын адамның қолынан ештеңе келмейді. Бұл - сондай қызық ереже. 

Егер сенде өз-өзіңе деген сенімсіздік пен күмән болса, онда сәтсіздікке ұшырайсың. Ал егер жетістікке жететініңе күмәнің болмаса, онда санаң сенің қалағаныңды орындау үшін әртүрлі жолдарды қарастырады.


2. Өзіңді дамыту үшін қолыңнан келмейтін істі жасап, соны үйренуге бар күшіңді салуың керек.

Бастапқыда бойыңда қорқыныш болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе ол қорқыныштан айырылып, өз-өзіңе бұрынғыдан да, сенімдірек бола түсесің. Сол үшін де, жаңа қызығушылық тауып, өзіңді дамытудан қорықпа. 


3. Шабыт жұмыс барысында ғана келетін нәрсе. 

Шабыттың қашан келетінін күтіп, ештеңе істемей отыру - дұрыс емес. Себебі шабыт - тағамға қосылатын дәмдеуіш секілді өте аз мөлшерде ғана керек. Сол себепті де, "Шабытым ашылмай жатыр" - деп, уақытты босқа жіберуге болмайды. Оның орнына, шабытты күтпей-ақ істі бастап кеткен әлдеқайда дұрыс шешім болады. Өйткені көп жағдайда адамның шабыты жұмыс барысында ғана ашылады.