Қазақша посттар
2022-07-28 10:59 Пайдалы кеңестер

“Мен грантқа түсе алмаймын”

Оптимист болудың пайдасы өте көп. Мысалы оптимизм стрессті жағдайларды оңай қабылдап, қиын кездерде уайымға салынбай, мәселенің дұрыс шешімін табуға көмектеседі. Сондай-ақ оптимист болу өмір сүру ұзақтығын арттырып, денсаулыққа жақсы жағынан әсер етеді.


Сонымен оптимист болу үшін не істеу керек?

1. Оптимист болу үшін ең бірінші ойларыңды ретке келтіру қажет. Сондықтан өткеніңді немесе болашағыңды ойлай бермей, одан да бүгініңді ойлап, бүгінмен өмір сүруге тырыс.

2. Оптимистердің алтын ережесі: күніне ең болмағанда бір жақсы іс жасау. Жақсы іске мұңайып жүрген досыңды қуантып, күлдіру де жатады. Ғалымдар жақсылық жасау - ағзадағы көңіл-күйге жауапты дофамин гормонының бөлінуіне әсер ететінін анықтап, дәлелдеді.

3. Дәрігер Полет Шерман өзінің оба ауруына шалдыққанын естігенде, негативті нәрселер жайлы көп ойлағанын айтады. Бірақ ол бұнымен күресіп, "Оба ауруына шалдыққан адамдар да ұзақ және бақытты өмір сүре алады" деп, позитивті ойлауға тырысты. Нәтижесінде, жай ғана ойлау тәсілін өзгерту арқылы ол өмірге оптимистік көзқарас қалыптастырып, негативті ойлардан толықтай арыла алды.

Жоғарыдағы кеңестердің саған пайдасы тиіп, оптимист атана аласың деген ойдамыз. Пікірге өмірге қандай көзқараспен қарайтыныңды жазып кетсең болады.