Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Кітапты қалай таңдау қажет?

1. Алдымен кітапты не үшін оқығың келетінін анықтап ал. Оны анықтау үшін өзіңе мына сұрақтарды қой: 

1) Кітапты жай ғана көңіліңді аулау үшін оқығың келе ме, әлде жаңа білім алып, көзқарасыңды кеңейту үшін оқығың келе ме? 

2) Кітапты оқып болған соң оны басқа оқырмандармен бірге талқылағың келе ме? 

3) Бестселлер кітаптарды оқығың келе ме? 


2. Кітапты таңдаған кезде оның авторына көбірек мән бер. Өзіңнің кумирің мен атақты адамдардың оқуға кеңес берген кітаптарымен жақсылап таныс. Мысалы Билл Гейтс жылына 50 кітаптан оқып, өзіне ұнаған кітаптарды "Заметки Гейтса" деп аталатын жеке блогінде жариялап отырады. Барак Обама, Уоррен Баффет және Джеф Безос секілді адамдар өздері оқыған кітаптардан алған әсерлерін жеке блогтарында бөлісіп отырады. 


3. Нобель сыйлығына ие болған жазушылардың кітаптарын іздеп көр. Себебі

әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы талантты жазушыларға ғана беріледі. Олардың шығармалары іш пыстыруы мүмкін емес. Жалпы Нобель сыйлығына ие болған жазушылардың қатарына: Александр Солженицын, Габриэль Гарсиа Маркес, Иосиф Бродский, Жан-Поль Сартр және тағы да басқалары кіреді. Бұл жазушылардың шығармаларындағы бір кемшілік - көбіне Нобель сыйлығын алған шығармалардың мазмұны әдеби түрде ауыр, әрі терең мағынада жазылған. Осы себепті де, ондай кітаптар барлық оқырманға бірдей ұнай бермеуі мүмкін.