Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ештеңеге үлгермей жүрмін!

1. Әр күніңді жоспарлап отыру уақытыңды үнемдеуге және прокрастинацияға берілмеуге көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау - жалқаулықтан арылып, өнімділікті арттырудың ең тиімді жолы.


2. Бірнеше минутыңды ғана алатын істерді кейінге қалдырмай, бірден орындап тастауға тырыс. Егер ұсақ-түйек істерді кейінге қалдыра беретін болсаң, олар нәтижесінде үлкен бір іске айналып, сенің көп уақытың мен энергияңды алуы мүмкін.


3. Өнімділігіңді арттырып, барлығына үлгергің келсе, телефон, теледидар секілді сені алаңдататын заттарды өшіріп таста немесе өзіңнен алысырақ жерге апарып қой. Бұлай жасау саған ешнәрсеге алаңдамай, шаруаларыңды тезірек бітіруге көмектеседі.


4. Жұмыс үстеліңді, бөлмеңді жинақы және таза ұстауға дағдылан. Бұларсыз сен өнімділігіңді арттырып, уақытыңды үнемдеуді үйрене алмайсың.


5. Кейде бізді өз ойларымыз алаңдатып, сабақ оқуға немесе басқа да істерді атқаруға кедергі келтіреді. Ондай кезде қолыңа қағаз бен қалам алып, барлық ойларыңды тоқтаусыз жазып шығуға кеңес береміз. Бұл миыңды керексіз ойлардан тазартып, уақытыңды маңызды істерге жұмсауға мүмкіндік береді.